Әнші Өмірқұл Айниязов «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші сұхбат барысында «Бір шәугім шай» әнінің бейнебаяны қалай түсірілгенін айтып берді. Айтуынша, бейнебаян карантин уақытында ауылда, отбасылық естелік ретінде түсірілген. Таңғаларлығы, бейнебаян 10 мың теңгеге түсірілген.
«Бейнебаянды той түсіретін жастарға тапсырдық. Студент ұлым Алматыға келіп, достарымен бірге монтажын жасады. Естелік үшін жасалған бейнебаян бүгінде репертуарымдағы ең көп қаралым жинаған туындылардың бірі және әлі күнге дейін әлеуметтік желілерде танымал», - дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.