Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына қуаныш сыйлады (видео)

Өнер иесі спортшының анасына гүл сыйлап, алғыс білдірді.

Әнші Қайрат Нұртас Олимпиада жүлдегері, марқұм Денис Теннің анасы Оксана Тенге құрмет көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі спортшының анасына гүл сыйлап, алғыс білдірді.

"Михаил Шайдоров Олимпиадада алтын алып, баршамызды қуантты. Біз қазір Денис Теннің анасына келдік. Кешегі жеңістердің барлығы алдымен Денистен бастау алды ғой. Денистей ұлды туған сізге мың алғыс. Бүкіл қазақ елінің анасысыз. Сізді жақсы көреміз, аман болыңыз. Сізге көп-көп рақмет", - дейді Қайрат Нұртас. 

Денис Теннің анасы Оксана Тен Қайрат Нұртасқа алғысын білдірді. Ал Қайрат Нұртас қолынан қолынан келгенше көмек көрсетуге дайын екенін айтты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.