Олимпиада–2026: Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылардың тізімі белгілі болды

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының аяқталуына аз қалды.

Бүгін, 20 ақпанда Қазақстан құрамасының спортшылары бірнеше спорт түрінен сынға түседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Спорт түрі: фристайл-акробатика (ерлер)

Қатысушылар: Роман Иванов, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов

Басталуы: 14:30 (1-іріктеу), 15:15 (2-іріктеу), 17:30 (финалдар)

Спорт түрі: конькимен жүгіру, 1 500 м (әйелдер)

Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева, Арина Ильященко

Басталуы: 20:30

Спорт түрі: Шорт-трек, 1 500 м (¼ финал, ½ финал, финалдар, әйелдер)

Қатысушылар: Яна Хан, Ольга Тихонова

Басталуы: 00:15