Тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді: 17 ақпанға ауа райы болжамы

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Қазгидромет 17 ақпанда ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Ақтауда 17 ақпанда түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады. Атырауда 17 ақпанда кей уақыттарда тұман болады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с. Алматыда 17 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі. Қонаевта 17 ақпанда түнде көктайғақ, түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсетіні болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында 23 м/с дейін жетеді. Қостанайда 17 ақпанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар),көктайғақ болып, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында, күндіз батысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде 17 ақпанда көктайғақ болып, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Астанада 17 ақпанда түнде аздап қар жауады, күндіз аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде облыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр болып, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с. Шымкентте 17 ақпанда түнде жаңбыр жауады.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ, кей уақыттарда тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 17 ақпанда кей уақыттарда тұман болады.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, аздап қар жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады. 

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Қарағандыда 17 ақпанда тұман, көктайғақ болатыны болжанады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Оралда 17 ақпанда тұман, түнде көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 17 ақпанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде Павлодар облысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 17 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді.

Түнде Ақмола облысының шығысында аздап қар жауады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түсетіні болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 17 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Қызылордада 17 ақпанда кей уақытта тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.