ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін, 16 ақпан сағат 23:40-та ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
Қарағанды облысы:
- «Астана-Қарағанды-Алматы» 248-750 шақырым аралығы (Атамекен ауылы — Жамбыл облысы шекарасы);
Жамбыл облысы:
- «Астана-Қарағанды-Алматы» 750-893 шақырым аралығы (Қарағанды облысы шекарасы - Бурылбайтал ауылы);
Жолды 2026 жылғы 17 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.