Әнші Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желіде өзін сынап жатқандарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Желіде өнер иесінің үш әйелі бар екені жайлы әңгіме тарады. Сонымен қатар өзін Рүстем Жүгінісовтің екінші әйелі деп таныстырған 23 жастағы келіншек күйеуі үшінші рет те үйленгенін айтқан.
Әнші өзін сынап жатқан оқырманға жауап берді.
"Әйелдерімді санамай, аңдымай, сөз қылмай жүріңіздерші. Өзім білемін қанша қатын алсам да", - дейді Рүстем Жүгінісов.
“Дін деп екінші, үшінші әйел алу бұл сенім емес. Бұл нәпсі”, “Бұлай болып жатқаны өкінішті. Айжан үшін өкінішті. Сондай жақсы әрі сүйкімді қыз еді”, “Әлі де таңғаламын. Қандай керемет әнші еді”, “Бұл деген заңбұзушылық емес пе? ”, деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.