Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Бішкектегі халықаралық турнирде топ жарды

Нәтижесінде ол ақтық бәсекеде ресейлік балуан Алихан Кцоевты тізе бүктірді.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілдері Бішкекте (Қырғызстан) өткен Super 4 Wrestling халықаралық турнирінде екі медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақта чемпиондық атаққа таласты. Нәтижесінде ол ақтық бәсекеде ресейлік балуан Алихан Кцоевты тізе бүктірді. 

Сонымен қатар 86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Азамат Дәулетбеков те финалға дейін жетті.

Дегенмен шешуші бәсекеде отандасымыз Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Артур Найфоновқа жол берді. Осылайша күмістен алқа тақты.