Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ресейлік және швейцариялық гроссмейстер, шахматтан 12-ші әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңіп, маңызды турнирде сенсациялық нәтиже көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл жеңіс Асаубаеваға 2027 жылы Германияның Вайссенхаус қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік берді. Аталған додада әлемнің үздік шахматшылары бас қосады.
Бибісара қуанышты жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, бұл жеңістің өзі үшін аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ол келесі жылы да жарыстарға белсенді түрде қатысып, жоғары нәтижелер көрсетуге ниетті екенін жеткізді.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева – Қазақстан әйелдер шахматы көшбасшыларының бірі. Ол бұған дейін блиц және рапид форматтарында әлем чемпионы атанып, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап келеді. Костенюк секілді тәжірибелі әрі атақты қарсыласты жеңуі – қазақстандық спортшының шеберлігі мен тұрақты дамуының айқын дәлелі.