Биыл ақын, журналист, айтыс өнерінің жанашыры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман 75 жасқа толды. Сөз өнерінің сардары елу жылдан астам уақыт бойы айтыс өнерінің жандануына өлшеусіз үлес қоса білді. Таяуда AIQYN тілшісі жетпістің бел ортасына келген қазақ руханиятының көрнекті өкілін мерейтойымен құттықтап, сүбелі сұхбат құрып қайттық.
Aiqyn тілшісі: Қаламгер саясаттан бөлек өмір кеше ала ма?
Кешеді. Қазір менің саясатпен шаруам жоқ. Алайда ел ішінде болып жатқан саяси үдерістен тыс қалмай, назарымда ұстаймын. Қазіргі уақытта конституциялық реформаларға байланысты қоғамдық пікірталас қызу жүріп жатыр. Бұл жағдайдың бәрін жіті бақылап отырамын. Осындай саяси оқиғаларға қатысты менің де өз пікірім бар. Бірақ оның барлығын айтып, жұртқа жария етпеймін, - деп жауап берді ақын
Сұхбатты мына сілтемеден толық оқи аласыз