"Қазгидромет" баспасөз қызметінің мәліметінше, 14, 15 және 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты
15 ақпаннан бастап Қазақстанның батыс өңірлеріне солтүстік-батыстан циклон жылжиды. Ол шығысқа қарай қозғалып, жаңбыр мен қар алып келеді. Сонымен қатар желдің күшеюі байқалып, ауа температурасы республика аумағында біртіндеп көтеріледі.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонның ықпалымен атмосфералық фронттар өтеді. Осыған байланысты аталған аймақтарда тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр мен қар жауады. 14-15 ақпанда кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі.
Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ және тұманның түсуі де болжанып отыр.
Бұған дейін Алматы қаласы мен елдің 14 облысында 13 ақпан, жұма күні дауылды ескерту жарияланған еді.