Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның Ислам әлемі мұралары тізіміне енді

9–13 ақпан аралығында Ташкент қаласында Ислам әлемі білім, ғылым және мәдениет ұйымы ИСЕСКО-ның Мәдени мұра комитетінің 13-сессиясы өтті.

Қазақстан ұсынған номинациялар ИСЕСКО-ның Ислам әлемі мұралары тізіміне енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2026 жылғы 9–13 ақпан аралығында Ташкент қаласында Ислам әлемі білім, ғылым және мәдениет ұйымы ИСЕСКО-ның Мәдени мұра комитетінің 13-сессиясы өтті. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, жиын барысында мүше мемлекеттерден түскен 100-ден астам өтінім қаралып, Қазақстан ұсынған екі номинация «Ою-өрнек» және «Қармақшы жыраулары» – Ислам әлемі мұралары тізіміне енді. 

«Ою-өрнек» – қазақ халқының дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнерінің үлгісі. Ал «Қармақшы жыраулары» – Сыр өңіріндегі ауызша поэзия мен музыкалық мұра дәстүрлерін сақтап келген жыраулық өнер мектебі. 

Қабылданған шешім Қазақстанның Ислам әлемінің материалдық емес мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және дәріптеу ісіне қосқан үлесін тағы бір мәрте айғақтайды. Аталған номинациялардың халықаралық тізімге енуі оларды одан әрі қорғауға, ғылыми тұрғыда зерделеуге және халықаралық деңгейде насихаттауға ықпал етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.