«Бір-бірімізді 15 жылдан бері танимыз»: Жазира Байырбекова болашақ құдалары туралы айтты

Тұңғыш ұлын үйлендірейін деп жатқан әнші құттықтап жатқан жандарға алғыс білдірді.

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде болашақ құдалары жайлы сұраған оқырмандарына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі құдаларын 15 жылдан бері танитын болып шықты. Тұңғыш ұлын үйлендірейін деп жатқан әнші құттықтап жатқан жандарға алғыс білдірді.

"Біздің отбасымызға тілекші болып жатқандарыңыз өздеріңізге де жұғысты болсын. Болашақ құдағиымның сұлулығына осыдан 15 жыл бұрын таңғалғанмын,таң қалмайтын адам жоқ шығар. Құдам да өте сымбатты жігіт. 15 жылдан бері танимыз.Ал келініммен жақында таныстық. Құдам мен құдағиым Жанболаттан 11 жас,менен 7 жас кіші. Достарымыздың інісі мен келіні. Китсіз қандай той болады деген сұрақ көп екен. Китсіз дегеніміз киілмейтін мата-сата ғой. Басқа кәделердің (қалың мал,ана сүті,алтындар,шапандар,қоржын) бәрі әрине болады. Алла қаласа сіздердің дұға тілектеріңіздің арқасында бәрі жақсы өтеді. Рақмет", - деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.