ҚазАвтоЖол екі облыстағы бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2026 жылғы 10 ақпан сағат 21:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді:
Ақмола облысы:
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30 — 92 шақырым аралығы (Жібек жолы ТЖП — Қарағанды облысының шекарасы);
- «Щучье — Зеренді» автожолының 0 — 77 шақырым аралығы (Щучье қаласы — Зеренді ауылы);
- «Көкшетау — Атбасар» автожолының 0 — 184 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — Атбасар қаласы);
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 304 — 341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы);
- «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы» автожолының 14 — 50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы);
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 242 — 304 шақырым аралығы (Щучье қаласы — Көкшетау қаласы);
- «Астана — Атбасар — Жақсы — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 16 — 407 шақырым аралығы (Астана қаласы — Атбасар қаласы);
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 18 — 232 шақырым аралығы (Астана қаласы — Щучье қаласы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 341 — 473 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Бескөл ауылы);
- «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы» автожолының 50 — 280 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Бидайық ауылы).
Жолды 2026 жылғы 11 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.