Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиаданың іріктеу кезеңінен сәтті өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Финалдық кезеңге өту үшін үздік ондыққа ену қажет еді. Ал қалған спортшылар екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Павел Колмаков 9-орынға тұрақтады. Осылайша ол финалдық кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, 10 ақпанда әйелдер арасында іріктеу жарысы да өтті. Сайыс Астана уақытымен 18:15-те басталды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.