"Ақтөбе – Орск" тасжолындағы жол апаты: төрт адам қаза тапты

Полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, тергеп-тексеру жұмысын бастады.

Оқиға "Ақтөбе – Орск" тасжолында болды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Қарғалы ауданына қарасты Қосестек ауылында жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысты. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, тергеп-тексеру жұмысын бастады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы Ақтөбе облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов мәлімдеді.