Президент Үкіметке үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруды тапсырды

Былтыр республикалық бюджеттің 40 пайызға жуығы әлеуметтік салаға бөлінген.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саланы цифрландыру мәселесі маңызды екенін қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, былтыр республикалық бюджеттің 40 пайызға жуығы әлеуметтік салаға бөлінген. Бірақ бұл қаражат қаншалықты тиімді жұмсалғаны белгісіз.

– Сондықтан Үкімет үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруға тиіс. Сонда әлеуметтік көмек те шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға беріледі. Қаржылай төлемақыдан бастап, азық-түлік, дәрі-дәрмек, баспана немесе білім алуға берілетін ваучерлерге дейінгі қолдаудың барлық түрі банк және төлем инфрақұрылымымен тығыз байланысқан «Әлеуметтік әмиян» арқылы берілуге тиіс. Үкімет әкімдіктермен бірге осы тәжірибені барлық жерде кеңінен қолдануы керек. Сондай-ақ бұл тәсілді жыл соңына дейін тездетіп іске қосуы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Егер Үкімет отандық Aitu мессенджеріне тиісті деңгейде көңіл бөлмей отырғанын сөз етті.

– Тіпті, оны мемлекеттік қызметкерлер де пайдаланбайды. ЕGov AI деп аталатын әмбебап жасанды интеллект-көмекшісін (ассистентін) әзірлеу керек. Барлық азаматқа қолжетімді болатын осы жүйе біртіндеп Халыққа қызмет көрсету орталықтарының орнын басады. Әлеуметтік қолдау шараларын басқаратын инфрақұрылымды, яғни Бірыңғай цифрлық әлеуметтік қорғау платформасын нақты айқындап алу қажет, – дейді Президент.