Халық әртісі, әнші Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне 50 жыл толуына орай жеке шығармашылық кеші өтті, – деп жазды Aikyn.kz.
Концертте Роза Рымбаеваның немересі Зейін Оқапов отбасымен бірге сахнаға шығып, бата берді. Көрермен сәбидің зеректігіне сүйсінді.
"Дастархан мол болсын,
Денсаулық зор болсын!
Бақыт үйде көп болсын,
Күнде-күнде той болсын!
аумин", - дейді Зейін.
Бұған дейін Роза Рымбаеваның үш жастағы немересі барлық елдің туын жатқа айтып, таңғалдырған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.