Қазақстандық спортшы UFC-дегі нокаутымен тарихи жетістікке қол жеткізді

Бұл оның UFC-дегі екінші жеңісі болды

Бүгін таңертең Астана уақытымен қазақстандық файтер Николай Веретенников Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Fight Night 266 турнирінде америкалық Нико Прайсты нокаутқа түсірді.

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Веретенников қарсыласын тік тұрып нокаутқа жіберді. Бұл оның UFC-дегі екінші жеңісі болды. Айта кетейік, қазақстандық спортшының ең беделді ММА лигасындағы көрсеткіші — екі жеңіс және үш жеңіліс.

2026 жылдан бастап UFC ережесіне сай, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен әр файтерге 25 мың доллар сыйақы беріледі. Осылайша, Николай Веретенников бұл бонусты алған Қазақстанның тарихындағы алғашқы спортшы атанды.