Францияның Париж қаласында дзюдодан Grand Slam санатындағы турнир басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Бақытжан финалдық кезеңге дейін жақындады. Ол алғашқы айналымдардан сәтті өтіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда финалға шығу үшін өткен белдесуде украиналық Дильшот Халматовқа жол берді.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде Бақытжан кубалық Джонат Чаронды жеңді.