Астанада Шыңғыс Айтматов көшесінде LRT жобасының екінші кезеңіне дайындық басталды

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.

Астанада Шыңғыс Айтматов көшесінде LRT жобасының екінші кезеңін іске асыруға дайындық жұмыстары басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.

Компанияның хабарлауынша, қазіргі уақытта болашақ LRT желісі өтетін аумақта инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Мамандар топырақтың құрамы мен физикалық қасиеттерін анықтау арқылы жобаның техникалық параметрлерін нақтылауды көздеп отыр.

Аталған зерттеу нәтижелері техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысында пайдаланылады. Бұл LRT желісін одан әрі жобалау және ең тиімді инженерлік шешімдерді таңдау үшін қажет.