10 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.