«Елу жыл ара­лықта түрлі қайғыны бас­тан кештім»: Роза Рымбаева қиын ке­зең­дерін еске алды

Aiqyn тілшісі өнер иесімен сұхбаттасып қайтты

«Қазақ эстрадасының примадоннасы» атанып кеткен алтын дауыс иесі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне елу жыл толды. Әрбір кешін асыға күткен көрерменді әнші жақында жағымды жаңалығымен қуантты. Атаулы мерейтойға орай өнер иесі ақпан айының 7 жұлдызында Республика сарайында кеші өтеді. Aiqyn тілшісі өнер иесімен сұхбаттасып қайтты.

Көпшілік әлі күнге дейін «сол баяғы Рымбаева» деп қа­был­­дайды. Халықтың жа­дында «Әлия» образым қа­лып қойған. Алайда елу жыл­дың ішінде мен де адам ретінде өс­тім, өркен­де­дім, өмірдің та­лай белесін өт­кер­дім. Қар­тай­дым, әже атан­дым. Бірақ сах­на­дағы елу жы­лым текке өткен жоқ. Осы уа­қыттың бәрінде қа­зақ сах­на­сын­да халқыммен бір­ге өмір сү­ріп келемін. Елу жыл ара­лықта түрлі қайғыны бас­тан кештім, небір қиын ке­зең­дерді бастан өткердім. Ме­нің ең үлкен бақытым – хал­қым­­ның әркез қолдап жүргені. Әсі­ресе, жолдасымнан айы­рыл­ған ауыр кезеңде бұл қолдау ма­ған үлкен демеу болды. Сол жыл­дары кішкентай екі баламды алып, гастрольдік са­пар­ларда жүр­дім. Мен жыл сайын ха­лық ал­дына шығып, «Көктем ша­­қы­рады» атты концертімді бере­­тін­мін. Бұдан кейін аталған кеш шы­ғармашылығымдағы дәс­түрлі іс-шараға айналды, - деді әнші

Сұхбаттың толық мәтінінің мына сілтемеден оқи аласыз