Қазақстанда тағы да жер сілкінді

Сейсмикалық дүмпу Жетісу облысының бірқатар аудандарында 2-3 балл шамасында сезілген.

Бүгін Астана уақытымен сағат 13:42-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Сейсмикалық дүмпу Жетісу облысының бірқатар аудандарында 2-3 балл шамасында сезілген. 

Төтенше жағдайлар министрлігі мен Сейсмологиялық зерттеу институтының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым қашықтықта орналасқан. Сілкініс өңір тұрғындарына әлсіз деңгейде әсер еткен.

Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы тіркелмеген. Қазіргі таңда тиісті қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр.

ТЖМ деректеріне сәйкес, есептік сейсмикалық қарқындылық:

Жаркент қаласы (Панфилов ауданы) – 3 балл

Текелі қаласы – 3 балл

Жансүгіров ауылы (Ақсу ауданы) – 3 балл

Сарқан қаласы – 3 балл

Қарабұлақ кенті (Ескелді ауданы) – 2 балл

Талдықорған қаласы – 2 балл

Балпық би ауылы (Көксу ауданы) – 2 балл

Шонжы ауылы (Алматы облысы) – 2 балл

Сарыөзек ауылы (Кербұлақ ауданы) – 2 балл

Үштөбе қаласы – 2 балл

Қырғызсай ауылы – 2 балл

Көкпек ауылы – 2 балл 

Шелек ауылы – 2 балл

Мамандардың айтуынша, жер сілкінісі халыққа қауіп төндірмейді, бірақ сақтық шараларын сақтау маңызды.