Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысын Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды. 

Қазақстан Президенті мен Пәкістан премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің  мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.