ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2026 жылғы 4 ақпан сағат 01:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы ө/п)» автожолының 104-250 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қандыағаш қаласынан Қарауылкелді елді мекеніне дейін) көліктің барлық түріне шектеу қойылады», - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 4 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.