Әнші Сәкен Майғазиев отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі немерелі болатынын, жұбайы екеуі ата-әже атануға дайындалып жүргенін айтты. Әншінің әулетінде қыз өмірге келмек.
"Алла ұлық! Алла қаласа, анасы екеуміз ата-әже атануға ниеттіміз!", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіні құттықтап, сәбидің аман-есен өмірге келуін тіледі.
Айта кетейік, былтыр әншінің тұңғыш ұлы үйленіп, той жасаған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.