Рухымызды тербеткен жиын

Ақ күріштің отаны саналған Қызылорданың төрінде өткен Құрылтайда бұған дейін өткен төрт Құрылтайдағы айтылған ұсыныстардың орындалу нәтижелеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір шолу жасап барып, негізгі бағдарларға тоқталды.

Қызылордадағы Құрылтайдан жұртшы­лық көп жаңалық күтті. Ең бастысы, Конс­титуцияға енетін өз­герістерді білгіміз ке­ле­тінімізді жасыра алмаймыз, оның ішінде бір палаталы Парламент мәселесін әрине асыға күттік. 2022 жылғы Бүкіл­халықтық референдумда  Консти­ту­циямыздың 33-бабы жаңарды, оған дауыс бердік. Енді уақыт бір орында тұр­майды, әлемде геосаяси жағдай тұр­ақ­сыз, сон­дықтан елдің қарқындап дамып, тәу­ел­сіздігімізге нұқсан келмей, нығая түсуі үшін заң шығарушы биліктегі депутат­тарымыздың саяси жігерлігі, жан-жақты мықтылығы, біліктілігі, тәжірибелі болуы  қажет екеніне көз жетті.

Ата Заңға енетін өзгерістердің ауқымы кеңдігін ескере отырып Мемлекет басшысы Конституциялық комиссия, Халықтық кеңес құру туралы Жарлық шығаратынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы комиссия жұмысының қор­ы­тындысы бойынша бүкіл­халықтық референдум өту уақытын белгілейтінін айтты.

Тиімді өзгерістер әр кезде дамудың кілті. Саяси жүйенің жаңғыруы, мемлекет мүддесін қорғайтын, халықтың қамын ойлайтын әділ билік,  баршаға бірдей тең көзқарас қашанда тұрақтылықтың арқауы. Мемлекет басшысының Құрыл­тайда Конс­титуциямызға әділетті  Қазақ­станды ең жоғары мақсат тұтып, оған жетуді енгізу тура­лы акцент беруі шынайы патриотизмнің көрінісі. Халық бағзы заманнан-ақ ащы да болса шындықты етіне жақын санайды.

Мемлекет басшысы  сөзінің бірден-бір өзіме ой салған тұсы патриотизм мәселесі болды. Патриотизм туралы көп айтуға болады, оның тірелер тұсы, қане? Кешегі кеңес дәуірінде ұрандатқан жалаң пат­риотизм болды, оны  бәріміз мойындаймыз. Ол кезде де отаншылдық, елжандылық, мәдени ортаға, туған жерге сүйіспеншілік терминдері болды, бірақ олар интерна­цио­нализммен астарласып  жатты, еңбек адамын қадірлеу де болды, еңбек адамдары Жоғары Кеңесте де отырды, бірақ одан пайда шамалы еді. Маманның аты маман, «шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген. Патриотизм бүгінде жаңа сипатқа ие болуда, адам­гершілік, патриоттық сананы қалыптастыру, бойын­дағы ақыл мен білімді ел игілігіне жұмсау. Бүгінде патриотизм психологиялық саяси-әлеуметтік ортада қалыптасатын құбылыс – терең сана. Сондықтан өскен ортасы қандай екен деп сұрап жататыны қазақтың жайы емес. Әсіресе, жасанды интеллект дамыған дәуірде әрбір қазақ­стандықтың жүрек дүрсілінің Отан деп соғуы –  алын­байтын қамал, көшпейтін бақ. Қазақ­стандық бірлік пен межелі тірліктің үн­дес­тік табуы – патриоттық иммунитеттің мықтылығында.

Ал Мемлекет басшысының Құрылтайда Парламентті «Құрылтай» деп атауды ұсы­нуы руханиятқа деген құрметтің  биігі, елжан­дылықтың сұлтаны болды.

Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА,

«AMANAT» партиясы

Түркістан облыстық филиалы

Атқарушы хатшысының орынбасары