«Жар таңдаудан қателеспеңіздер...»: Мөлдір Мұқан өмірдегі өкінішін айтты (видео)

Ол жүргізушілердің сұрағына жауап беріп, өмірдегі өкінішін әзілмен жеткізді.

Продюсер Мөлдір Мұқан «Ozimiz goi» бағдарламасында өмірлік ұстанымы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол жүргізушілердің сұрағына жауап беріп, өмірдегі өкінішін әзілмен жеткізді.

«Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек деп айтады. Мамандық және жар таңдаудан қателеспеңіздер. Әнші болғым келді, музыкамен айналысқым келді. Бірақ рұқсат бермеді. Экономика саласын таңдадым. Банкте жұмыс істедім. Мамандық таңдаудан қателестім, жар таңдаудан да қателеспеңіздер», – деді ол.

Желі қолданушылары ағынан жарылған продюсерге қолдау білдіріп, ақ тілегін арнап жатыр.

«Мөлдір отбасын сақтауға тырысқан мықты әйел», «Бәрі өткінші», «Әлі-ақ бақытты боласың», «Балаларыңның қызығын көр», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.