Волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына қатысты жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол бас ауруы өзін жиі мазалағанын айтты. Сондықтан бір жыл бойы ем қабылдаған.
«Кәсіби спортшы ретінде денсаулық бен эмоционалдық жағдайға қамқорлық жасау өте маңызды. Тәртіп, еңбекқорлық және ішкі жағдайыңыз бен денсаулығыңызға баса назар аудару - табысқа жетудің кілті. Мен бір жылдан бері клиникада тексеруден өтіп келемін және оң өзгерістерді байқадым. Осы уақытта дефициттердің орнын толтырдық, күш-қуатымды арттырдық және көңіл күйімді жақсарттық. Ең бастысы, ойын мен жаттығу кезінде мені қатты мазалап жүрген бас аурулары мен мигрень енді жоқ», - деп жазды спортшы.
Спортшы өзіне тиімді емдеу әдісін ұсынған дәрігерлерге алғыс білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.