Астанада бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледждің 1-2-курс студенттері онлайнға ауыстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
«2026 жылғы 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)-сынып оқушылары және колледждердің 1-2-курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.
Екінші ауысым туралы хабарлама кейінірек беріледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.