2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі бірден 10 пайызға өседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Зейнетақы мөлшеріндегі өзгерістер:
Базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына теңестіріледі — 35 596 теңге.
Ең жоғары базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 118%-ына жетіп, 60 005 теңге болады.
2019 жылы зейнетке шыққан 70 жастағы азамат 2025 жылы 171 588 теңге зейнетақы алса, 2026 жылы бұл сома 192 816 теңгеге дейін артады:
Базалық зейнетақы — 60 005 теңге
Ынтымақты зейнетақы — 132 811 теңге
Бұл сомаға БЖЗҚ төлемдері кірмейді.
Жәрдемақылардағы өзгерістер:
1, 2, 3 бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы — 164 350 теңге
4 және одан да көп бала туған жағдайда — 272 475 теңге.
Көпбалалы отбасыларға арналған ай сайынғы жәрдемақы:
4 баласы бар отбасы — 69 330 теңге
10 баласы бар отбасы — 173 000 теңге.
Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жәрдемақы:
І топ – 111 872 теңге
ІІ топ – 89 498 теңге
ІІІ топ – 61 021 теңге.
Қосымша әлеуметтік төлемдер
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін:
Асыраушысынан айырылу
Еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер де 10% өседі.
Бұл төлемдер азаматтың табыс деңгейі мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі.