«Қайрат» - әлемдегі ең беделді футзал сыйлығының үміткері

Futsal Planet — футзал туралы әлемдегі басты жаңалықтар платформасы

Алматының «Қайрат» клубы Futsal Planet пен Jako бірлесіп ұйымдастыратын әлемнің беделді футзал сыйлығында 2025 жылдың үздік клубы номинациясына ұсынылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл аталымда «Қайратпен» бірге төмендегі клубтар да бар:
«Картахена» (Испания)
«Пальма» (Испания, Чемпиондар лигасының жеңімпазы)
«Бока Хуниорс» (Аргентина)
«Хонген Тхакам» (Таиланд)
«Жарагуа» (Бразилия)
«Мета Катания» (Италия)
«Пеньяроль» (Уругвай)

Futsal Planet — футзал туралы әлемдегі басты жаңалықтар платформасы. Бұл сыйлық 2000 жылдан бері табысталып келеді. Қазақстан атынан бұған дейін Игита бес рет әлемнің үздік қақпашысы атанған.