Депутаттарға Жоғары аудиторлық палатаның жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі туралы мемлекеттік аудит есебі ұсынылады. Аудит орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұлттық даму институттары мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізілді.
Екінші оқылымда Мәжіліс креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша заң жобасын қарайды. Құжат мемлекеттік қолдау тетіктерін нақтылауға, сала субъектілерінің бірыңғай тізілімін құруға және жастардың креативті жобаларын қолдауға бағытталған.
Сондай-ақ бал ара шаруашылығы мәселелері, баламалы энергия көздерін дамытуға қатысты жаңа заң жобалары жұмысқа қабылданады.