Димаш Құдайбергеннің қарындасының видеосы жұртты тәнті етті

Бейнежазбада ол концерт залында әнші ағасы Димаш Құдайбергеннің орындауында Қазақстан Әнұранын тыңдап тұрғанын көруге болады.

Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген  Тәуелсіздік күнінде ерекше видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Бейнежазбада ол концерт залында әнші ағасы Димаш Құдайбергеннің орындауында Қазақстан Әнұранын тыңдап тұрғанын көруге болады. Қолын жүрегіне қойған ол Әнұранды бірге шырқаған.

«Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! Қазақстан аты әлем төрінде шырқала берсін!», - деп жазды Раушан Құдайберген.

Бұл бейнежазбаға Димаш Құдайбергеннің әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдарманы жылы лебізін білдіріп, мерекемен құттықтап жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kudaibergen Raushan, 🕊🇰🇿 (@raushan_kudaibergen)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.