Театр және кино актрисасы Лейло Бекназар “Өмір өрнегі” бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Актрисаның айтуынша, ата-анасы әмеңгерлікпен бас қосқан.
“Анамның бірінші жолдасы Құдайберген деген кісі болған. Ол менің әкемнің інісі екен. Екі бала жетім қалмасын деп менің әкеме әмеңгерлікпен алып берген. Ал менің әкемде бала болмаған екен. Әкемнің бірінші әйелі қырғыздың қызы болған, ол кісі қайтыс болғаннан кейін балаларды жылатпайық деп әкеме қосыпты. Әкем оларды өзінің туған балаларындай жақсы көрген”, – дейді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.