Нумеролог Құралай Бақыт 2026 жылы қазақстандықтар үшін қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, тойды жылдың екінші жартысы жаз бен күз айларында жасаған дұрыс. Әсіресе, 7 ай мен 9 айлар тойдың айы болып саналады.
- 2026 жылдың саны - 1. Ал стихиясы - от. Бұл стихиямен 1966-1967ж., 1976-1977ж., 1986-1987ж., 1996-1997ж., 2006-2007ж., 2016 жылы туғандарға сәтті жыл жыл болады. Оған қоса, кімнің туған күні+ ай+ 2026 (саны 1 қоссақ)= 1 немесе 5 немесе 6, 8 шықса, оларға да айы оңынан туды деуге болады. 1988-1989, 1978-1979, 1998-1999 жылдары туғандар үшін ойға алған ісін батыл бастауға уақыт келді, - дейді астролог.
Құралай Болат жылқы жылының спорт пен IT, яғни инновацияға толы жаhандану жылы болатынын айтты.
- 2024-2025 жылы әнші мен танымал жұлдыздардың кезеңі болды. Ал келер жылда көп нәрсе өте тез жылдамдықпен дамиды. Оның үстіне, жылқы жылы - спорт пен IT, яғни инновацияға толы жаhандану жылы болмақ. Халық дұрыс тамақтануға көшіп, денсаулығына көңіл бөле бастайды. Көпшілігі спортпен айналысып, пайдалы дағдыларды үйренуге бет бұрады. Сонымен қатар 2026 жыл елімізде үлкен концерттер емес, спорттық іс-шаралар көбейеді, - дейді Құралай Болат.
Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсара түсіп, елімізде несие алушылардың саны азаяды.
- Ел ақша жинап үйренеді, кәсіп игеріп, кәсіпкерлікпен айналысады. Тіпті, онлайн магазин секілді замануи бизнес түрлері ұлғаяды. Сонымен бірге балалар үкімет тарапынан қамқорсыз қалмайды. Олардың дамуына, бойдағы қабілетін ашуға мүмкіндіктер жасалады. Еліміздегі экономика мен ғылым саласы да тоқырап қалмайды. Керісінше, жылқы жылының әсері оң болады, - деді ол.