Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Сапар аясында Император Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған. 

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.