Қытай әскери ұшақтары жапон ұшақтарына қауіпті әрекет жасады

Қытай тарапы өз кезегінде жапон ұшақтарының Қытай әскери маневрлеріне шамадан тыс жақындағанын алға тартты

6 желтоқсанда Қытай әскери жойғыш ұшақтары халықаралық әуе кеңістігінде Жапония ұшақтарына қарсы «отты басқару» радарын бағыттаған. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Жапония Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, мұндай әрекет әуе қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді. Осыған байланысты Токио Пекинге ресми наразылық жіберіп, мұндай жағдайдың қайта қайталанбауын талап етті.

Қытай тарапы өз кезегінде жапон ұшақтарының Қытай әскери маневрлеріне шамадан тыс жақындағанын алға тартты. Оқиға Азия–Тынық мұхиты аймағындағы әскери ахуалдың ушығып тұрған кезеңінде орын алды.