«Кристалл» тұрғын үй кешенінде жергілікті тұрғынға шабуыл жасалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Куәгерлердің айтуынша, ер адамды 7-блоктағы пәтерді тәуліктік жалға алып тұрған азамат ұрып-соққан.
Оқиғаға жақын маңдағы бизнес-орталықтың қызметкерлері куә болып, араша түскен. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.