Жетісу облысының прокуратурасы шенеуніктерді қауіпті жолдарды жөндеуге міндеттеді

Жұмыс екі негізгі бағытта жүргізілуде: сот тәртібімен шара қолдану және инфрақұрылымға қадағалау.

Жетісу облысы прокуратурасы көрсетілімді сот өткізіп, шенеуніктерді қауіпті жолдарды жөндеуге міндеттеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жетісу облысы Қаратал ауданының прокуратурасы «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»тұжырымдамасы аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша кешенді шараларды іске асыруда. Жұмыс екі негізгі бағытта жүргізілуде: сот тәртібімен шара қолдану және инфрақұрылымға қадағалау.

Прокуратура бастамасымен пробациядағы тұлғалар, Бастөбе сервистік-техникалық колледжінің студенттері және тасымалдаушылар үшін көрсетілімді сот процесі ұйымдастырылды. Соттың үкімімен кінәлі азамат екі тұлғаның өліміне әкелген ЖКО жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Қатысушыларға жол қауіпсіздігі талаптары мен оның салдары түсіндірілді. Қатысушыларға жол қауіпсіздігі талаптары мен оның салдары түсіндірілді.

Сонымен қатар, биылғы жылы прокуратура автомобиль жолдарының жай-күйіне және уәкілетті органдардың профилактикалық жұмысының тиімділігіне тексеру жүргізді. Нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қауіпті учаскелерге жүргізушілердің назарын арттыру мақсатында қосымша жол белгілері мен жануар бейнесіндегі макеттер орнатылды.

Жетісу облысының прокуратурасы азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және осы құқық бұзушылықтарға төзбеушілік танытуға шақырады, жолдардағы қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік екенін атап өтеді.