Боран, көктайғақ: Абай облысында жол жабылды

Жолды 5 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланып отыр.

ҚазАвтоЖол Абай облысында көлік қозғалысы шектелгені туралы ақпарат жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

5 желтоқсан сағат 00:00-де, Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жоғарғы және төменгі боран, жекелеген учаскелерде көктайғақ) Абай облысының келесі учаскесінде барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді: 

а/д «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы», 587–733 шақырым, Павлодар облысы шекарасынан Семей қаласына дейінгі учаске. 

Жолды 2025 жылғы 5 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.