Блогер, актриса Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында ерекше сурет жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Блогер күйеуімен отбасылық фотосессия жасаған. Ол күйеуі, экстрим-блогер Сәкен Қағаровпен шынайы өмірді көрсеткісі келген.
«Инстаграмдағы жылтыраған контентке қызықпаңдар. Шынайы life әлдеқайда қызығырақ», – деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.
Желі қолданушылары бұл көріністі жылы қабылдап, түрлі пікір қалдырған.
«Апама – жездем сай!», «Шаблонсыз өмір сүретініңізге риза боламыз», «Үй шашылып жататын жалғыз мен емес екенмін», деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.