«Қазақтың Робин Гуды» атанып жүрген Ілияс Сариевке қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен Ілияс Сариев пен «MM Travel» компаниясының басшысы Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот үкімі шықты.
Сот шешімі бойынша, Ілияс Сариев 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Алайда Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау заңы қолданылып, жазасы 1 жылға қысқарды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.