Головкиннің «мұрагері» деп атап кеткен Мейірім Нұрсұлтанов әлем чемпионымен маңызды жекпе-жек өткізеді

WBC (Дүниежүзілік бокс кеңесі) орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамеске қазақстандық боксшыға қарсы міндетті титулдық қорғау өткізуді ресми түрде жүктеді.

Қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов өз мансабындағы ең үлкен мүмкіндікке ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Бірінші бол-ға сілтеме жасап. 

WBC (Дүниежүзілік бокс кеңесі) орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамеске қазақстандық боксшыға қарсы міндетті титулдық қорғау өткізуді ресми түрде жүктеді.

Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов алғаш рет кәсіби рингте әлем чемпионы атағы үшін айқасуға мүмкіндік алды. Бірқатар халықаралық спорт басылымдары Нұрсұлтановты Геннадий Головкиннің «мұрагері» деп атап жүр.

Мейірімнің соңғы жекпе-жегі 2023 жылдың 17 қарашасында өткен болатын. Ол сол кезде чилилік Карлос Аламосты жеңіп, чемпиондық мүмкіндікті ұзақ уақыт күткен еді. Екі жылдан астам уақыт өткен соң, беделді The Ring басылымының хабарлауынша, Нұрсұлтановқа тарихи мүмкіндік беріліп отыр.

Ал Карлос Адамес – қазіргі орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша чемпионы, Доминикан Республикасының танымал боксшысы. Бұл кездесудің белгіленуі әлемдік бокс жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылық туғызды.

Айта кетейік, осы салмақта Қазақстанның тағы бір чемпионы – Жәнібек Әлімханұлы өнер көрсетеді. Ол IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы.