Еуропалық клуб қазақ футболшысы Ғалымжан Кенжебекке қызығып отыр

Бұған дейін The Courier Sport басылымы Шотландияның “Данди Юнайтед” клубының бас бапкері Джим Гудвин 22 жастағы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытып отырғанын хабарлаған еді.

“Елімай” футбол клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебекке Грекияның “Олимпиакос” футбол клубы қызығушылық білдіріп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұған дейін The Courier Sport басылымы Шотландияның “Данди Юнайтед” клубының бас бапкері Джим Гудвин 22 жастағы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытып отырғанын хабарлаған еді.

Алайда “Олимпиакостың” Кенжебекке қызығушылық танытуы “Данди Юнайтедтің” келіссөздерін күрделендіріп отыр. Match KZ-тің мәліметі бойынша, “Олимпиакостың” нарықтағы беделі мен қаржылық мүмкіндіктерінің жоғары болуы британдық клубтың ойыншыны өз құрамына қосу ықтималдығын айтарлықтай төмендетеді.

Қазіргі кезде Кенжебек үшін Еуропаның екі ірі клубы нақты қадам жасап жатыр.