Топ болып тиісті: Алматы облысында ер адамды соққыға жықты

Ер адам ескерту айтқан соң жанжал туындап, ол жаппай соққыға жығуға ұласқан.

1 желтоқсанда, түнде Алматы облысына қарасты Бесағаш ауылында бір топ жас жігіт көшеде өтіп бара жатқан ер адамға шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам үйіне қайтып бара жатқан кезде топтағы жігіттерге жақындап өтіп, біреуге "тиіп кеткен". Ер адам ескерту айтқан соң жанжал туындап, ол жаппай соққыға жығуға ұласқан.

 

Зардап шеккен азамат полицияға арыз жазған. Осыдан кейін күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.