Qazaqstan телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасында Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның сөзінше, спорт тарихында бірінші талдау теріс нәтиже көрсетсе де, екінші сынамадан өткен спортшылар болған.
«Допингке қарсы екінші сынама тапсырып, одан өткен спортшылар болған. Сондықтан асықпайық, тағы бір сынаманың көрсеткішін күтейік», - деді Ермахан Ибраимов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.