Президент тарихта таэквондодан алғашқы алтын жүлдені алған Бейбарыс Қабыланды құттықтады

Бейбарыс Қаблан таэквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды.

Мемлекет басшысы таэквондодан әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Бейбарыс Қабыланды таэквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таэквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін, – делінген құттықтауда.

Бейбарыс Қаблан таэквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының  алтын жүлдегері атанғанын жазған едік.

Жерлесіміз 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.