Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтпейтін болды

Кубалық WBA чемпионына басқа қарсылас іздеу мәселесі қарастырылып жатыр.

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестен оң нәтиже бергені туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Спорт министрі телеграм арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы The Ring басылымының инсайдері, DAZN жетекші тілшісі Майк Коппинджер хабарлады. Жекпе-жекке жауапты тараптардың айтуынша, Жәнібек Әлімханұлының Эрисланди Лараға қарсы жоспарланған айқасы қазір үлкен қауіп алдында. 

Кубалық WBA чемпионына басқа қарсылас іздеу мәселесі қарастырылып жатыр. Әзірге ресми мәлімдеме жарияланған жоқ. Расталған ақпарат жақын күндері жариялануы мүмкін. 

Жәнібек Әлімханұлы командасынан да, промоутерлік компаниядан да оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.