Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың 16 жастағы қызы жазба жариялап, талқыға түсті, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесінің екінші қызы Алау Instagram желісінде видео жариялап, әсерлі жазба қалдырған.
«Біздің аналарымыз өзінің еркіндігін, бақыты мен өмірін ер адам үшін құрбан еткен соңғы буын. Бұл дүние солармен бірге бітеді», - деп жазды ол.
Оның бұл пікірі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.